Өзім туралы
Сәлеметсіздер ме! Мен – логопед-дефектолог маманымын. Арнайы мектепте және балабақшада жұмыс істеймін. Балалардың дұрыс сөйлеуін, дыбыстарды анық айтуын, сөздік қорын, тілдік түсінігін және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға жеке бағдарламамен көмектесемін.
8 жыл медицина саласында еңбек етіп, жинаған тәжірибемді бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуына арнап келемін. Әр бала – ерекше, сондықтан әрқайсысына жеке тәсілмен жұмыс жасаймын. Мен үшін ең маңыздысы – баланың нәтижесі, ал ата-ананың сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Тәжірибе және мамандану
Тәжірибе: 8 жыл медицина саласында, 1 жыл логопед-дефектолог ретінде арнайы мектеп пен балабақшада жұмыс тәжірибесі.
Мамандануы: Сөйлеу тілін дамыту, дыбыстарды дұрыс қою және түзету, сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету, тілдік түсінікті қалыптастыру, сөздік қорын дамыту, мектепке дайындау және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жеке жұмыс.
Қазіргі таңда арнайы мектепте және балабақшада логопед-дефектолог болып қызмет атқарамын, сондай-ақ жеке қабылдау жүргіземін.